Әр ұлттық әдебиеттің тарихында шығармашылығы ұлттық ауызша өнердің ең үлкен жетістігі болып табылатын жазушылар бар. Қазақ әдебиетінде Әуезов Мұхтар Омарханұлы. Биыл оның туғанына 125 жыл толады. Осы күнге орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желілерде жарияланған «Мұхтар Әуезов әлемі» тақырыбындағы әдеби-тарихи саяхатын арнады. Онда Мұхтар Әуезовтің қазақ халқының заманауи тарихында, оның мәдениеті мен әдебиетінің дамуында ерекше орны бар екендігі айтылады. М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, жазушының қиын тағдыры, оның қоғамдық қызметі, «Абай жолы» романы туралы ақпарат қызықты түрде ұсынылған.