20 ақпан-Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы Қырғызстанның бастамасы бойынша жариялады. Содан бері БҰҰ – ға мүше мемлекеттер жыл сайын 20 ақпан күнін жұмыспен қамту, әлеуметтік диалог және жұмыс орнындағы негізгі қағидаттар мен құқықтар арқылы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал ететін іс-шараларды өткізуге арнайды.Федоров аудандық кітапханасында Федоров ауданы әкімінің орынбасары – Рамиль Гадельзянович Валеевтің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы – Артем Сергеевич Резниктің, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақтарының Федоров аудандық комитетінің төрағасы – Зоя Андреевна Шашкованың, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы - Зәуреш Қабиевна Нурмухамбетованың, ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханашысы Айганже Абылгазизовна Кульмагамбетованың қатысуымен «Әлеуметтік әділеттілікке-әр адамның құқығы бар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара барысында келесі сұрақтарға жауаптар берілді: олар ауылшаруашылық колледжінің студенттері қандай мамандықтар алады және олар еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие; бүгінгі таңда қандай гранттар бар және т.б. көптеген сұрақтарға жауап алынды.