Федоров орталық аудандық кітапханасының «О» уақыты онлайн жобасы аясында библиогидтің бірінші шығарылымы Ресей баспасөз күніне арналды. Кітапханашылар қызықты мақалалардан үзінділер оқып, мерекенің пайда болу тарихын, атап айтқанда 1703 жылы Ресейдегі алғашқы «Ведомости» газеті мың тиражбен өз жұмысын бастағанын айтты. Ең танымал мерзімді басылымдардың ішінде оқырмандар назарына, «Собеседник», «Моя семья», «Тайны ХХ века», «Добрые советы», «Дача круглый год», «Кудесница», «Толока. Делаем сами», «Дарья» басылымдары және тағы басқалары ұсынылды.