«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен оқулардың рөлі мен маңыздылығы туралы: «Оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқырман сауаттылығын дамыту білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс», - деп атап өтті. Кітаптар арасында жастар оқумен бірге өмірлік және шығармашылық даму дағдыларын игереді. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Кітап Гольфстримі» тақырыбында book-презентация дайындады. Мына жазушылардың Ғ. Мүсірепов пен С. Мұқанов, Л.Н. Толстой мен Ф. М. Достоевский, Молиер және Шекспир, Дж.Верн, Д. Остен, Ш. Бронте, М. Митчелл, С. Моэм, Г. Уэллс және басқа жазушылардың шығармалары ағыстың жылы суы сияқты жас оқырмандардың жүрегін жылытып, олармен бірнеше ұрпақ тәрбиеленді –соның ішінде қазіргі заманғы танымал жазушылар да бар.