«Парасаттылық марафоны» акциясын өткізу шеңберінде Федоров орталық аудандық кітапханасында «Заң және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда кітаптар мен мерзімді басылымдар: заңдар мен құқықтық актілер, философиялық еңбектер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көркем туындылар ұсынылған.