11 қарашада облысымызға Қазақстан халықтары Ассамблеясының республикалық лекторлар тобы келді. Делегация құрамына «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Сарбасов Мағауия Қанапияұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары- Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев, «РУХ» Психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС басшысы - Баймұхамбетова Резеде Сәлімжанқызы кірді. Жұмыс сапары барысында қонақтар «Парасат жолы» орталығының жұмысымен танысты.