«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

27 наурызда балалар кітабының апталығын өткізу мақсатында балалар кітапханасында кіші және орта жастағы оқырмандармен 2018 жылдың кітаптарының мерейтойына арналған «Біздің кітаптарда мерейтой» атты ғажайып алаң өткізілді. Ойыншыларды таңдау үшін балаларға ойын тақырыбы туралы сұрақтар қойылды.

Бірінші болып кім жауап берсе сол ойынға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Алғашқы үш сұрақ Николай Носовтың «Приключения Незнайки и его друзей» атты мерейтойлық кітабынан қойылды, екінші сұрақ  Антуан де Сент Экзюперидің  «Маленький принц» кітабы бойынша, үшінші сұрақ  А. Гриннің «Алые паруса» кітабы бойынша сұрақтар болды. Ойын барысында «Музыкалық үзіліс» секторында аудитория мерейтойлық кітаптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Бас жүлдеге Молошенко Оксана ( №1, 4ОМ сын.), Гужина Дарья ( №4 ОМ, 4сын .), Кудрина Ангелина ( №1 ОМ, 5 сын.)  шықты. Ойын жеңімпазы Молошенко Оксана болды. Ойын қатысушылары ынталандырылды.20 адам қатысты.