Байқаудың қатысушылары Кітап апталығын қарсы алып, және көкжиекте пайда болған жаңа жұлдыздар мен шоқжұлдыздар туралы - кітапхананың белсенді оқырмандары - Шеремет Татьяна (№1ОМ, 8 сынып қушысы), Гузина Дария (№4 ОМ, 4 сынып оқушысы), Засыадвольк Наташа (№1 ОМ, 4 сынып оқушысы), Голышевтің апалары Александр мен Валерий (№4 ОМ, 4 сынып оқушылары) және басқалар туралы айтты. Балалардың білімдерін тексеру үшін, кітап Патшайымы өзінің ақылды әрі дана және күрделі сұрақтарын қойды. Қазылар алқасы балалардың жауаптарын бағалады. Балалар кітапханасының үздік оқырманы атағына Оксана Молошенко (№1 ОМ, 4 сынып оқушысы) ие болды. Бір де бір мереке тосынсыйсыз өткен емес, осы жолы құпияға толы болды. Мерекелік залдың тыныштығын Жалмауыз кемпір бұзды, бірақ онсыз мерекені бастаудың өзі қызықсыз еді. Ол біздің ортамызда көп деген талантты оқушылардың барын біліп оларды сынға алды. Кітап Патшайымы қорытындысында үздік оқырмандарды мадақтамамен және сыйлықтармен марапаттады. Барлық қатысушыларды құттықтап жақсылықтар тілеп, кітаптармен таңғажайып кездесулердің көп болуын тіледі! 31 адам қатысты.