«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында Баннов ауылдық кітапханасының кітапханашысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қостанай облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің жетістіктерін көрсету бойынша округ ұйымдарының өкілдерімен «Баннов ауылдық округі: кешеден-бүгінге» дөңгелек үстелін өткізді. Отырыс барысында кітапханашы қатысушыларға мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді . Содан кейін олар осы уақыт ішінде ауданда қандай жақсартулар болғанын және болашақ жоспарларын талқылады.