Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «ақпараттандыру онкүндігі» аясында «Біз әр түрліміз, бірақ Біз теңбіз және Біз біргеміз» акциясына қатысты. Акция 7-15 қазан аралығында ЖРО еріктілерімен бірлесіп өткізілді. Акция барысында ауыл тұрғындары мен кітапхана пайдаланушыларына буклеттер, жадынамалар таратылды және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.