«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

  Күздің күнтізбесінде ерекше бір күн бар, ол күні  жүректе тебіреніс, егде адамдарға құрмет пен кішіпейілділік танытқың келеді,  бұл күн-1 қазан немесе 1992 жылдан бастап Қазақстанда тойланып келе жатқан Халықаралық қарттар күні. 30 қыркүйекте орталық аудандық кітапхана қызметкерлері «Қариялар сарқылмас қазыналар»тақырыбындағы іс-шарасын өткізді. Кітапхана қызметкерлері жыл сайын, күз уақытында, өздерінің барлық  күш – жігерлерін еңбек ету жолында аямаған  асыл жандарды құттықтайды.