5 қазан күні аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Ы.Алтынсарин атындағы №2 мектеп оқушыларымен педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсарин – ұлтының ұлы ұстазы» тақырыбында әдеби қонақжайын өткізді. Әдеби қонақжайда оқушыларға бейне-роликтер көрсетіліп, жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырылды, сонымен қатар ақын өлеңдері оқылып, викторина өткізілді. Оқушылар іс-шараға үлкен қызығушылықпен ат салысты.