«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25

«Уақыт талап еткен шығармашылық»

10.08.2021

   6 тамызда жазушы және қоғам қайраткері, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иван Петрович Шуховтың туғанына 115 жыл толады. Бұл мерейтойға Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы дайындаған «Уақыт талап еткен шығармашылық» бейне – дәрісі арналған. Бейне-дәрісте кітапханашы көрермендерді жазушының өмірбаянымен таныстырып, оның шығармалары туралы айтып берді. Әңгіме тақырыптық слайдтардың көрсетілуімен сүйемелденді. Соңында кітапханашы кітапханаға келіп, «Отанға және іске қызмет етудің үлгісі» тақырыбындағы тақырыптық сөреде ұсынылған әдебиеттермен танысуға шақырды.

Сілтеме: https://youtu.be/VLK5ZpVXwZo