Абай Құнанбаевты қазақ даласының ұлы деп атайды. Ол өз өлеңдерінде қазақ жанының қырларын: лиризмді, күмән мен үмітсіз ізденістерді, ащы сарказмды және жаратылыстың күшіне сенуді көрсетті. 10 тамызда Абай күні Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары ауылдастарын жағымды жаңалықпен - орталық аудандық және балалар кітапханаларында, «Жастар» мәдениет үйінде, №1 Абай атындағы ОМ және М.Мәметова атындағы №4 ОМ QR - «Абай әлемі» ақпаратын орналастырып, қуантты. Оқырмандар мен мұғалімдер, «Жастар» МҮ қызметкерлері «QR - сканер» мобильді қосымшасын қолдана отырып, ағартушының өмірбаянымен, оның ақындығымен, музыкасымен, бейне челленджімен, виртуалды кітап көрмесімен, Ұлы Абайдың «Қара сөздерімен» үлкен қызығушылықпен танысуда .
QR - Informа арқылы пайдаланушылар бұл ұлы тұлға жайында көптеген тың және қызықты ақпараттарды білді. Бұл шара жастардың патриотизмін нығайтуға, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасымен танысуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс -шара қазақтың ұлы ақынының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген.