«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

«Афганистан - наша память и боль» кітабы

01.06.2021

  Бүгін «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Резник Артем Сергеевич аудандық кітапханаға «Афганистан - наша память и боль» тақырыбындағы естелік кітабын тапсырды. Бұл кітапта Қостанай облысынан ауған соғысына шақырылған және осы алыс елде қаза тапқан ауған соғысының батырлары туралы мәліметтер бар. Басылымда қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған жерлесіміз Кравченко Геннадий Викторович жайында материалдар бар. Аудандық кітапханаға жасалған бұл сый біздің өскелең ұрпаққа ерлік жасаған қостанайлық батырлармен танысуға зор мүмкіндік береді.