31 мамыр күні Федоров аудандық орталық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қайғылы оқиғалардың естеліктері» тақырыбында тарихи сағат өтті. Іс-шараға аудан әкімі Т.Қ. Исабаев бастаған аудандық әкімшілік өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында, репрессияға ұшырағандардың туыстары, мектеп оқушылары, ауылшаруашылық колледжінің студенттері, оқытушылар, кітапхана оқырмандары болды.
Ата – аналары Қазақстанға қоныс аударған А.С. Налгиев және кітапханашылар бұл еске алу күні – мыңдаған адам негізсіз қуғын-сүргінге ұшырап, қылмыс жасады деп айыпталып, еңбекпен түзеу лагерлеріне, жер аударылуға жіберіліп, өмірлерінен айырылған жандардың тарихтағы қайғылары жайында айтып өтті. Жазықсыз қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Тарихи сағаттың соңында барлық қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.