«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 04.07.25

«Сөз құдіреті»

   12-13  жасар оқырмандар арасында облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының VII онлайн аудандық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Байқау Ұлы Отан cоғысы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеуге арналған, жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, әртістік дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Байқаудың тақырыбы: «Ұлы Отан соғысы туралы Қазақстан авторлары: соғыстың ащы іздері қағаз беттерінде сақталған». Конкурсқа қатысу үшін шығармаларды таңдау қазақстандық авторлардың, сондай-ақ шетелдік авторлардың, Қазақстаннан шыққан авторлардың Ұлы Отан соғысы туралы көркем әдебиетімен (прозасымен) шектелді. Байқауға ауданның 9 округінен келген 11 қатысушының бейне баяндамалары ұсынылды. 4 адамнан құралған  білікті қазылар алқасы балалардың өнерін бағалады. Қазылар алқасы байқаудың көптеген қатысушыларының жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, сөйлеу сауаттылығын, дауыс қоюларының жеткілікті және жоғары деңгейде қалыптасуын, әртістіктеріне, көркемдік талғамдарының бірегейлігіне назар аударды. Қатысушылардың сөзінде Қ. Қайсенов, С. Мұратбеков, Қ. Ахметбеков,  және т.б. жазушылардың  шығармаларынан үзінділер айтылды. Өткізілген байқау кеңес халқының рухани күші мен батырлығының, өз отанына деген адалдықтың жарқын үлгісі ретінде Ұлы Жеңіс туралы естелікті қазіргі ұрпақ үшін сақтауға баға жетпес үлес қосты. Отан қорғаушылар туралы естелікті сақтау, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу-қазіргі қоғамның адамгершілік борышы.

Ерекшеленген балалар: «Ерекше таңдау» – Довгалюк Ксения Баннов ауылы; «Үздік бейне» – Жарова Виктория Пешковка ауылы; «Кітапхана таңдауы» - Кузбакова Диана Лесной ауылы, номинацияларымен марапатталды. Байқауда А.Арцишевскийдің «Война и мир Зинаиды Сергеевны» шығармасынан үзінді оқыған Новошумное ауылының оқырманы Шкляева Анастасия Сергеевна лайықты жеңіске жетті. Анастасия VII облыстық онлайн оқырмандар байқауында біздің ауданымызды қорғайды. Екінші орынды А. Сергееваның  «Небо Талгата»  шығармасынан үзінді оқыған Пешковка ауылының тұрғыны Бугрей Ольга Сергеевна иеленді. Үшінші орын - М. Магауиннің  «Дети одного отца» шығармасынан үзінді оқыған Кенарал ауылының тұрғыны Рахметова Милана иеленді. Карантиндік шараларға байланысты қатысушылар марапаттауға қатысқан жоқ, олардың басшылары байқаудың әрбір қатысушысына өздерінің марапаттары мен өнерлері үшін ризашылықтарын берді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға орындаушылық шеберлігі үшін алғыс айтамыз! Балаларды байқауға қатысуға дайындаған барлық кітапханашылар мен педагогтарға ризашылығымызды білдіреміз.