«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің классигі

07.11.2019

Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің классигі

 Биылғы жылы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толады.

  7 қараша күні №2 ОМ 8-9 сынып оқушылары үшін Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің классигі» атты әдеби кеш өткізді. Б. Майлин қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастыруға қатысқан адамдардың бірі. Ол туған ауылы, туған жері, халқы туралы шын жүрегімен жырлады. Жазушының шығармашылығы - жас ұрпақ үшін тамаша әдеби мектеп. Оқушылар Майлиннің өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер алып, өлеңдерін оқып, бейне-сұрақтарға белсенді жауап берді. Іс-шара «Өмір жолы» бейнероликтерімен сүйемелденді. Әдеби кеш соңында барлық қатысушыларға «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесімен танысу ұсынылды.