«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

«Кітапхана ісінің ардагері»

   2019 жылдың 9-10 қазан аралығында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың жеті қыры»: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.  Конференцияда кітапханашыларымыздың еңбегі жоғары бағаланды. Федоров балалар аудандық кітапханасының меңгерушісі Харченко Татьяна Викторовна жоғары кәсібилігі, саналы жұмысы үшін «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.