«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Біз қалай жас болдық...

Еңбек ардагерлерін құттықтау кеші

    Федоров ауданына қарасты орталық кітапханада еңбек ардагерлерін құрметтеу жақсы дәстүрге айналған. Осы дәстүр бойынша, қарттар күні қарсаңында кітапхана ұжымы зейнетке шыққан қызметкерлерін қуана қарсы алды. Еңбек ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. Әрі қарай іс-шара шай дастарқанының басында жалғасты. Кітапханашылар кеш қонақтарына мерекеге орай жасалған музыкалық бейнероликтер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында қонақтар "Даналық пен мейірімділік мерекесі" атты кітап көрмесімен таныстырылды.