Баннов моделді ауылдық кітапханасында 1-ші сынып оқушыларына арналған «Кітапхана, кітап және мен – бірге адал достармыз» атты кітапханалық сабақ өтті. Іс – шараға эпиграф ретінде орыс жазушысы: «У Земли спутник – Луна, у человека – Книга» деген сөз болды. Балалар кітапханашыдан кітаптар мен кітапханалардың құрылу тарихын тыңдады. «Кітапхана тарихынан» атты презентацияны тамашалады. Кітапханашы мамандығымен, кітап қоры, оқырман формуляры, каталогы, кафедра ұғымдарымен танысты. Кітапхананы пайдалану ережелері туралы жаднамалар алды. Іс-шараға «Кітап сенің ең жақын досың» атты кітап көрмесі дайындалды. «Кітап беттерінен» айдарына балалар «Ертегілер атауын жалғастыр», «Шатастыру», «Бас киім-невидимка» және т.б. конкурстарға қатысты. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.