«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

«Тілдің қадір - қасиеті-халық мақтанышы»

09.09.2019

«Тілдің қадір - қасиеті-халық мақтанышы»

 

   Пешков ауылдық кітапханасында «Иволга» ЖҮ бірлесе отырып, орта мектеп жасындағы балалар арасында «Тілдің қадір - қасиеті-халық мақтанышы» атты Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай іс-шара өткізілді. Кітапханашы тілдердің қоғам өміріндегі маңызы, Қазақстандағы тіл саясаты туралы айтып берді. Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Балалар қазақ мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударды, Қазақстан халықтарының мақал-мәтелдерін мағынасы бойынша салыстырды, жұмбақтар айтысына қатысып, оларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді.