«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Тіл-келісім тірегі

    Тілдер күніне орай Новошумный ауылдық кітапханасында 5 және 6 сынып оқушыларымен «Тіл – келісім тірегі» атты сайыс өткізілді. Іс - шараның мақсаты- өскелең құрмет, ана тіліне, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту. Шара басында кітапханашы тіл күні туралы айтып, Ахмет Байтұрсыновтың туғанын атап өтті. Содан кейін балалар келесі тапсырмаларға қатысты: пантомима, Кім Қазақстан жазушылары мен ақындарын жақсы біледі, орыс сөзін қазақ және ағылшын тілдеріне аудару, орфографиялық қателер табу, мақал-мәтелдерді жалғастыру, Қазақстан халықтарының жұмбақтарын табу. Қорытындылай келе, Қазақстан бірте-бірте латын әліпбиіне ауысатынын және қатысушылардың әрқайсысы өз атын латын әліпбиінде жазғанын еске салды. 12 адам қатысты.