Э.В. Губская Қазақстан бірлігі күніне арналған тарих сағатын өткізді. Іс-шараға Воронеж орта мектебінің оқушылары шақырылды. Кездесу Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды, кітапханашы мереке тарихымен таныстырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы әңгімеледі.
«Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ол ежелден түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің байланысқан жері болды. Мұнда бейбітшілік пен достықта 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Қазір түрлі этностардың азаматтары мемлекеттік қызметте, бизнесте, ғылым мен білім саласында жұмыс істейді, спортта өз таланттарын ашады. Осы халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар бір тату халық. Қазақстан біздің ортақ үйіміз, барлық халықтардың бесігі» - деп кітапханашы Э.В. Губская атап өтті.
Іс-шара барысында оқушылармен «Тарих беттері бойынша...» ойыны өткізілді, оның барысында балалар осы саладағы өздерінің жақсы білімдерін көрсетті. Соңында «Қазақстан халықтарының Достығы» бейне ролигі, «Менің Қазақстаным» бейне клип көрсетілді.