«Рухани жаңғыру» және Қазақстандағы жастар жылы аясында аудандық орталық кітапхана «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі» атты отбасылық сайыс өткізді. Байқауға балалары бар жас отбасы жұптары Губскилер, Кривонос, Грибко қатысты. Әр отбасы "Менің отбасым" атты визит карточкасын ұсынып, салт-дәстүрлерді, отбасылық табыстар мен жетістіктерін ашып, бір-бірін таныстыруды ерекше және шығармашылық тәсілді пайдалана отырып көрсетті. Сонымен қатар конкурстық бағдарлама келесі тапсырмаларды қамтыды: «Менің отбасымның тарихы» зерттеу жұмысы - отбасының атынан «тамырдан» «бұтаққа», символикалық ағаш түрінде көрсетілген «Генеалогиялық ағаш», «Отбасылық әуестік» шығармашылық конкурсы - хобби мен отбасының әуестігін ашатын материалдар, «Отбасылық керуен», «Әуенді тап», «Логика қайда?», "Дәріхана".
Барлық отбасылар белсенді қатысып, өз дарындарымен таңқалдыра отырып, бір-бірімен жарысып, өз ойдан құрастырғандарын және фантазияларын көрсетті. Іс-шара еркін, жанданған жағдайда өтіп, көрермендер мен қатысушылар жағымды эмоционалдық күш алды. Байқаудың басты мақсаты- отбасының жағымды имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауды дамыту. Сайыс соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды және достық қатынаста көңілді отырыс болды.