«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Наурыз – күн мен жақсылық мерекесі

19.03.2019

Наурыз – күн мен жақсылық мерекесі

   

   2019 жылғы 19 наурызда Федоров аудандық орталық кітапханасында Федоров ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп "Наурыз – күн мен жақсылық мерекесі" тақырыбында ұлттық қонақжай өткізілді.  Мерекеге сән берген оқу залында безендірілген: қазақы нақыштағы киіз үйдегі  ұлттық атрибуттар – үстелше, домбыра, көрпешелер,  ұлттық киімдер, тұрмыстық пайдалану заттары, өте әсем және жарқын көрінді. Бағдарлама шашу, Наурыздың шығу тарихы, музыкалық нөмірлер, қазақ халқының ойындары мен салт-дәстүрлерін қамтыды. Көрермендер: Қуанышбаев Мағжан, Ильясова Жанара және "Әжелер"ансамблінің орындауында музыкалық нөмірлерін өте жылы қарсы алды. Іс – шара дәстүрлі "наурыз – көже", бауырсақ, сүзбе, қазы, қаймақ, май, хош иісті шай және тәттілермен бай дастарханмен аяқталды.

 Кітапхана фойесінде қонақтардың назарына "Наурыз-көктем мен жаңару мерекесі" атты кітап көрмесі ұсынылды, онда қызықты әдебиеттер мен мерекенің шығу тарихы, қазақ халқының мәдениеті, ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы материалдар жинақталған. Мереке өте қызықты, көңілді, есте қаларлық болды. Бұл күні кітапхана қызметкерлері барлық келушілерді ұлттық киімдермен қарсы алып, мерекемен құттықтап, мерекелік дастархан жайды.