Баннов ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тарих сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын, ұлы билеушілер, батырлар, атақты жазушылар мен ғалымдар туралы айтып берді. Балалар Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке және Абылай хан, Әбілхайыр және Кеңесары Қасымов туралы, Әл – Фараби және Ахмет Яссауи, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және т.б. туралы бейнероликтерді тамашалады. Ежелгі тарих пен мәдениет, ұлы хандар, батырлар мен ақындар әрқашан Қазақстанның мақтанышы болды және кітапхананың мақсаты өскелең ұрпақтың өз елінің өткені үшін мақтаныш сезімін, өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу болып табылады. Дарынды адамдардың өмірлері мысалында балалар өмір сүруге және өзінің адамгершілік әлеуетін қалыптастыруға, өз тұлғасын жан-жақты дамытуға үйренеді.