Көктемнің ең жылы және жүрекке жақын мереке-8 наурыз! 4 наурыз күні мереке қарсаңында, Новошумный ауылдық кітапханасында адамзаттың тамаша жартысы үшін «Ұлы мәртебелі – әйел» атты көрме ұйымдастырылды. 5-7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Золушка балында» атты сайыс-ойын бағдарламасы дайындалды және өткізілді. Балалар Рим империясы заманындағы мерекенің пайда болу тарихымен танысты. Жиналған аналарға музыкалық клип түрінде құттықтау барлық қатысушылар үшін жағымды тосын сый болды. Қыздар «Ең үздік қожайындар», «Матрешкалар», «Қатесіз айт», «Үстелді жабдықтау» және «Аспаздық викторина» конкурстарына қатысты. Қорытынды шығарылғаннан кейін қазылар алқасының мүшелері байқау бағдарламасының жеңімпаздарына символдық медальдар, ал барлық қатысушыларға – кішкентай естелік кәдесыйлар табыс етілді. Мереке сәтті өтті!