«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

«Сарбаздар соғысты таңдамайды»

    Новошумный ауылдық кітапханасында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Сарбаздар соғысты таңдамайды» атты іс-шара өтті. Оқушылармен кездесуге ауылдың ауған соғысының жауынгерлері шақырылды. Олар үшін мерекелік концерт дайындалып, ары қарай барлығы бірге бір үстел басында шай ішіп, ардагерлер Ауғанстандағы әскери өмірін айтып берді. Іс-шараға кітапханада кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ жауынгер-интернационалистердің фотосуреттері қойылған көрме ұйымдастырылды.