2019 жылы 26 ақпанда Федоров аудандық орталық кітапханасында "Үлкен еңбектің үлкен адамдары", тақырыбында диалогты алаң өтті. Қонақтар ретінде біздің ауданның дамуына өз үлесін қосқан адамдар шақырылды, олар: – Малышко Юрий Михайлович – "Трояна" ЖШС басшысы, Заверуха Владимир Николаевич – "Жаркөл" ЖШС директоры, Аслиев Александр Ходжиевич – "Федоров ауданының ардагерлер кеңесі" ҚБ төрағасы, Шашкова Зоя Андреевна-Федоров ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы. Іс – шараға кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Бексұлтанов Жаслан Жұматайұлы, ауыл шаруашылық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Тәжірибелі және сауатты кәсіпқойлармен кездесу кәсіпкерлік, егін шаруашылығы саласындағы алғашқы қадамдарды қалай бастағанын, өз мансабын қалай құрғанын, қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін білуге мүмкіндік берді. Студенттерге танымал адамдармен қарым-қатынас өте қызықты болды, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға көптеген жауаптар алды. Жаслан Жұматайұлы ауданда кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шараны еңбек адамдары туралы бейнеролик толықтырды. Қатысушылар назарына біздің жерлестеріміз туралы қызықты өлкетану материалының жинақтарынан "Еңбек адамы-мемлекеттің тірегі" атты кітап көрмесі ұсынылды. Диалогты алаң еңбек адамының әрдайым құрметке лайық екенін тағы да дәлелдеді.