«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

«Қазақстан мәдениетінің өрлеуі»

   12 ақпанда Пешков ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «В кругу друзей» клубының мүшелері арасында «Қазақстан мәдениетінің өрлеуі» атты ақпарттық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы тыңдаушыларды Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен таныстырып, Алтын адам және Президент ұсынған: «Архив - 2025», «Ұлы даланың ұлы атаулары» және т.б. жобалары туралы толығырақ айтты. Кітапханашы қатысушылардың назарын «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптық кітап көрмесіне аударды.