«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 10.01.26

Аңызға айналған жауынгер – Бауыржан Момышұлы

Середа, 24 грудня 2025
24-желтоқсан күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ-да 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Аңызға айналған жауынгер – Бауыржан Момышұлы» әдеби қонақ бөлмесін өткізді. Іс-шара ҰОС қатысушысы, Кеңес Одағының батыры және «Халық қаһарманы» орденінің кавалері Бауыржан Момышұлының туғанының 115 жылдығына орай өткізілді.
 
 
Бағдарлама аясында тақырыптық таныстырылымдар және бейнероликтер көрсетілген болатын. Мұрағаттық кадрлар және көрнекті материалдар оқушыларға қолбасшының өмірлік жолын айқын түрде зерделеуге және оның Мәскеу түбіндегі шайқастағы Жеңіске қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар кітапханашы батырдың жеке қасиеттеріне – оның айырықша ар-намысына, тәртібіне және сөзіне берік болуына ерекше назар аударды. «За нами Москва» және «Ұшқан ұя» шығармаларының мысалында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірлік ұстанымдарын, сондай-ақ оның шығармашылығының ерекшеліктерін талдады. Іс-шара жазушының негізгі еңбектері ұсынылған тақсөреге шолумен аяқталды.