ҚР Тәуелсіздік күніне орай 12-желтоқсан күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Абай ат. ЖББМ 8«В» сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздік – менің елімнің батырлық жолы» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға екі спикер ретінде Абай ат. ЖББМ жанындағы мұражайлық бөлменің меңгерушісі Валентина Иосифовна Романенко және Федоров ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Инна Александровна Бекмухамбетова қатысты. Қатысушылар Тәуелсіздік күнінің тарихи аспектілерін, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның болашағын талқылады. Іс-шара бейнематериалдар көрсетілімімен сүйемелденді.