«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 23.11.25

Міржақып Дулатұлы – халықты оятқан ақыны

Середа, 19 листопада 2025
2025 жылы Алаш көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатұлының дүниеге келгеніне 140 жыл толады. Осы күн қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында «Міржақып Дулатұлы – халықты оятқан ақыны» кітап көрмесі рәсімделді. Көрме 2 бөлімнен тұрады. «Ғұмырнамалық беттер» бірінші бөлімінде М. Дулатұлының қызы – Гүнар Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары», Қ. Сақтың «Алаш мұрасы», т.б. әдебиет және мұрағаттық суреттер ұсынылған. «Оянған жүрек үні: әдеби мұра» екінші бөлімінде М.Дулатұлының туындылары, сонымен қатар Азамат, Таймінер және Мадияр бүркеншек аттарымен жазылған «Ақ жол» газетінде жарияланған мақалалардан тұрады.