16-сәуір күні Федоров аудандық орталық кітапханасында «Бақытжамал Әжіғалиеваның сиқырлы сандықшасы» кеш-портреті өтті. Кітапханаға балалар жазушысы, Кеңарал ауылының тумасы Бақытжамал Сейітқызы Әжіғалиева келді.
Жазушымен танысып, іс-шара қатысушылары оның өмірі мен шығармашылық жолы, жетістіктері мен жоспарлары туралы әңгімелесті. Сондай-ақ, Бақытжамал Сейітқызы жиналғандарға жаңа, әлі жарияланбаған ертегілердің бірін оқып берді. Кездесу еркін, достық жағдайда өтті.