«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25
Жыл сайын 7 сәуірде, 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күніне орай -Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн-өз денсаулығыны мен рухани саулығына алаңдайтын,сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға тырысатын әр адам үшін маңызды. Себебі бұл-ұлт денсаулығының дамыуна тікелей әсер етеді. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары М.М.маметова атындағы ЖББМ-нің 9-сынып оқушыларына «Сау ұрпақ-ел байлығы» атты денсаулық сабағын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар «ми шабуылы» жаттығуын өткізіп,тыңдаушыларға денсаулық және оны құрайтны аспектілер,салауатты өмір салты туралы атйып берді.Оның ішінде: дене белсенділігі,дұрыс тамақтану,зиянды әдеттерден бас тарту,жеке гигиена,күн тәртібін сақтау,шынығу және жағымды эмоциялар болды. Денсаулық сабағын «Салауатты өмір салты-уақыт талабы» атты бейнеролик толықтырды. Соңында оқушылар топтарға бөлініп,салауатты өмір салты,спорт,дәрумендер,күн тәртібі және бос уақыт туралы викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның қорытынды кезеңінде ритмикалық дене жаттығуы жүргізіліп,қатысушыларды марапаттауымен аяқталды.