«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25
6 наурыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында «4 сезона» клубының қатысушыларына «Тартымды бейне, керемет бейне» мерекелік-сауық бағдарламасын өткізді. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ОАКЖ» КММ басшысының м.а. А.О. Каракпаева құттықтау сөзін сөйледі.
 
 
Сонымен қатар іс-шараға Федоров ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі Зоя Андреевна Шашкова және Федоров ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Байдаулетұлы Қойшығұлов қатысты. Зоя Андреевна басшының м.а. А.О. Каракпаеваға және Е.В. Лымарьға кәсіподақтық ұйымның алғыс хатын табыс етті. Іс-шара қатысушыларына «Мереке сыйла» мастер-классы өткізілді.
 
 
Қатысушылар гардеробын аксессуарлармен қалай әртараптандыруға болатынын, қарапайым заттарды қолдану арқылы қандай киім бұйымдарын жасауға болатынын, сондай-ақ эфир майлары мен емдік шөптерді пайдалана отырып, жайлы атмосфераны құруды үйренді және өз қолдарымен ваннаға арналған аромамайларын жасады. Іс-шара шайлардың пайдасы туралы айтылған шай рәсімімен аяқталды.