20 ақпан күні Федоров аудандық орталық кітапханасында кітапханалық қызметкерлер үшін «2024 жылғы кітапхана қызметін талдау» семинары өткізілді. ОАКЖ басшысының м.а. А.О. Каракпаева семинарды ашып, тақырыбын атады. ОАКЖ әдіскері Е.В. Лымарь «2024 жылғы кітапхана қызметін талдау» тақырыбында баяндама жасады.
Кітапханашы Н.С. Дубровская ауданның тарихи жадын, соның ішінде Жеңістің 80 жылдығына орай, сақтау және дамыту бойынша кітапхана қандай жұмыс жүргізіп жатқандығы туралы айтты. Библиограф А.Р. Кенескенова кітапхананың баспа қызметінің көрнекті үлгілерін келтірді және кітапханалық-библиографиялық анықтамалардың түрлері мен формалары туралы айтты. ОАКЖ жинақтау кітапханашысы Т.Н. Глухова есептік құжаттаманы жүргізу кезінде орын алатын кең таралған қателіктерді атап, физикалық және электронды құжаттаманы дұрыс толтыруды үлгілерде көрсетті. ОК кітапханашысы Г.А. Жунусова «Жасанды зият кітапханашыға көмекке» мастер-классын өткізді.
Gemini, ChatGPT және Gamma AI нейрожүйелерінің мүмкіндіктері туралы айтты және кітапханашы жұмысында оларды қалай қолдануға болатынын көрсетті. Семинардың аяқталуында кітапханашылар тәжірибелерімен алмасты және жаңа ақпарат кәсібі шеберлігін шыңдау мен оқырмандармен әрі қарай жұмыс істеуде өз дағдыларын жетілдіруге қалай көмек беретіндігі туралы пікірлерімен бөлісті.