«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25
Уақыттың өз жады – тарихы бар. Сондықтан да әлем әртүрлі дәуірлерде жер шарын дүр сілкіндірген қасіреттерді, соның ішінде миллиондаған адамның өмірін қиған, өркениеттерді кері қайтарған, адам жасаған ұлы құндылықтарды жойған сұрапыл соғыстарды ешқашан ұмытпайды. 15 ақпан бізді Ауған соғысы жылдарына қайтарады.
 
 
Осы күн қарсаңында кітапханамызға Федоров ауданынан құрметті қонақтар интернационалист-жауынгерлер Л.Н. Бортников, И.И. Булыга, А.А.Кириченко, А В. Колесник, А.Н. Левит, А.И. Лукаш, В.С. Семенченко, И.И. Яуфман, Ю.Н. Ручий, Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері бойынша бөлім бастығы Жандос Кенестаевич Кенестаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Байдаулетович Қойшығұлов, ауылдық округтар әкімдері келді. Оларға «Батырлар жанымызда» және «Кітап бізді Ауғанстанға қайтарады» атты екі бөлімнен тұратын «Ауғанстан, сен мұңсын» атты кітап-суретті көрмесіне шолу жасалды. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде сол он жылға созылған соғыста қаза тапқан қостанайлық жауынгерлер туралы жазылған «Афганистан – наша память и боль» атты естелік кітапқа жиналғандар ерекше қызығушылық танытты.