Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары қазақ халқының батыры,қолбасшысы Райымбек батырдың (1705-1785) дүниениеге келгенінің 320 жылдығына орай арналған «Қазақ халқының батыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме екі бөлімнен тұрады:"Райымбек батырдың өмірі" бөлімінде атақты жауынгердің жастық шағы, оның тәрбиесі, батылдығы және патриоттық дүниетанымның қалыптасуы туралы баяндайтын материалдар ұсынылған. Ал"Батырлар туралы кітаптар" бөлімінде оқырмандарға Райымбек батырдың ерлік өмірімен стратегиялық данышпандығы туралы ,онымен бірге басқа да қазақ батырлары туралы ұсынылған кітаптар берілген, олар да Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған. Ұсынылған шығармалар арасында Б.Нұржеке-ұлының «Қазақ батырлары», «Қазақ батырлары» Серікқазы Қ., Н.Бектурсыновтың «100 казахских батыров», Ә.Көпіштің «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» және т.б. Бұл көрме Райымбек батыр туралы көбірек біліп қана қоймай, қазақ халқының бай тарихына сүңгуге, халық батырларын еске алуға және олардың батырлығы туралы естеліктерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.