24 қаңтар күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында философ, Шығыстың ғалым-энциклопедисті Абу Насыр әл-Фарабидің (870–950) дүниеге келгендігінің 1155 жылдығына орай тарих сағатын өткізді.
Іс-шара барысында ұлы философтың өмірбаяны туралы бейнебаян көрсетілді және оның еңбектері бойынша үнпарақтар таратылды.