17 қаңтарда Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Жастар» аудандық мәдениет үйінің жұмыскерлерімен «Өзекті әңгіме. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қауіпті құбылыс ретінде» дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашылар сыбайлас жемқорлықтың не екендігі туралы әңгімеледі, оның нысандары мен көріністеріне тоқталды, қатысушылармен сыбайлас жемқорлықтың түрлі жағдайлары, сыбайлас жемқорлықтың экономикаға, мемлекет пен қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ онымен күресудің жолдары мен әдістері талқыланды. Іс-шара тақырыптық бейнебаяндармен және викторинамен сүйемелденді.