Науқан
8 қаңтар күні "Заң және тәртіп" ақпараттық нарративін баяндау аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары "Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек" науқанын өткізді. Оған Федоров ауылының тұрғындары, соның ішінде "Юбилейный", "Компьютрон" дүкендерінің қызметкерлері, "Жастар" аудандық мәдениет үйінің және "AMANAT" партиясының Федоров аудандық филиалының қызметкерлері қатысты. Науқан барысында кітапханашылар қатысушылармен түсіндірме әңгіме өткізіп, ақпараттық брошюралар таратты.