«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 06.07.25

Тәуелсіздік - Қазақстан шежіресіндегі алтын жолдар

13.12.2024
16 желтоқсан күні біздің ел Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін атам өтеді. Бұл біздің еліміз үшін үлкен мереке. Осы күн қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында Федоров ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Д.Д. Сарсенбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Б.Койшыгулов, Федоров ауданының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Әжіхан, «Аманат» ҚҚ Федоров ауданы бөлімшесінің атқарушы хатшысы Б.А.Умиртаев, Федоров ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы В.С. Бочкарев, Ы. Алтынсарин ат. жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Б. Әнуарқызы және т.б. қатысуымен «Тәуелсіздік - Қазақстан шежіресіндегі алтын жолдар» дөңгелек үстелі өтті.
 
 
Іс-шара барысында Д.Д. Сарсенбетов пен М.Б. Койшыгулов барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Бүрлен Әнуарқызы «Қазақстан қалыптасу жылдарында» баяндамасымен сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол біздің елімізге қандай ауыр және қиын сынақтарды басынан өткеруге тура келгенін еске салды. Екінші спикер, В.С. Бочкарев 33 жыл ішінде ауданымыздың қаншалықты өзгергенінен хабардар етіп, өңіріміздің өмірдің түрлі салаларындағы жетістіктерімен мақтана алатынымызды ерекше атап өткен «Тәуелсіздік жылдарындағы Федоров ауданының жетістіктері» баяндамасын әзірледі. «Аманат» ҚҚ Федоров ауданы бөлімшесінің атқарушы хатшысы Б.А.Умиртаев «Қазақстан әлем алаңында» баяндамасында әлемдік деңгейде біз қандай маңызды оқиғалармен танымал болғандығымызды айтты. Іс-шара барысында баяндамалар тақырыптарына байланысты залдан сұрақтар қойылып отырды. Аяқаталғаннан кейін бырлығын «Тәуелсіз ел - Қазақстан» кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырды.