«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25
28 қарашада Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ оқушыларына «Оқы және жең» Қостанай облыстық ІІ онлайн кітап оқу байқауына арналған ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылармен адам өміріндегі кітаптің рөлі туралы әңгіме өткізілді, «Оқы және жең» ІІ онлайн кітап оқу байқауы жөнінде ақпарат беріліп және «Оқы және жең» І онлайн кітап оқу байқауының жеңімпазы бұл мектептің 7-сынып оқушысы Елтабар Жәнібекпен кездесу ұйымдастырылды.
 
 
Жәнібек іс-шара қатысушыларына байқауға қатысқандағы өзінің алған әсерлері туралы айтып, жеңімпаз атануына көмек берген лайфхактарымен бөлісті. Іс-шара қызықты өтті: барлық балалар ақпараттық сағатқа белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, пікірлерімен бөлісті. Бұл іс-шара тақырыптық тұсаукесер және бейнебаянмен сүйемелденді.