«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 07.07.25
11 қазан күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Б.Ы. Соқпақбаевтың 100-жылдық мерей-тойына орай М. Маметова атындағы ЖББМ 11-сынып оқушыларымен «Балалық шаққа саяхат» атты әдебиет сағатын өткізді. Іс-шара барысында балалар жазушының өмір-баянымен, шығармашылығымен танысты. Кітапханашылар танымал «Менің атым Қожа» шығармасы аттас атаулы фильмге негіз болғандығын айтып, бұл филімнен үзінді тамашалауға ұсынды.