17 қазан күні Федоров аудандық кітапхананың кітапханашылары Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларымен атақты қолбасшы, даңқты билеуші Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Сұлтан Бейбарыстың аңызға айналған өмірі» атты танымдық сағатын өткізді. Іс – шара барысында Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны мен құлдықтан сұлтандыққа дейінгі ғұмыры туралы айтылды, бейнероликтер көрсетілді. Тақырыптық сөре әзірленіп, сөреге «Алтын Орда», Бақыт Батыршаұлының «Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті – Қыпшақпен байланыстары», «Великие битвы кочевников» және т. б. кітаптар мен Сұлтан Бейбарыстың суреттері қойылды.