«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 10.07.25

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар күні атап өтіледі. Бұл күн біздің қоғамға мүгедектік мәселелеріне назар аудару және мүгедектердің қиын жағдайда табысқа жетудегі ерекше күш-жігеріне, ерік-жігеріне және қабілетіне таңдану үшін қажет. Осы мерекеге орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары Федоров арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үшін «Жақсылық жанға шипа» тақырыбында қарым-қатынас сағатын өткізді. Іс – шара барысында жылы лебіздер айтылып, кітапханашылар мерекенің шығу тарихы мен белгілі мүмкіндігі шектеулі жандар туралы айтып, қызықты ойындар мен викторина өткізді. Сондай-ақ, бейнероликтер көрсетілді. Денсаулық жағдайына қарамастан әрбір адам қоғамның толыққанды мүшесі болуы өте маңызды.