29 тамызда Федоров орталық аудандық кітапханасының базасында ауданның кітапханашылар арасында «Заманауи балаға арналған кітапхана: отбасылық құндылықтарды жаңғыртудың инновациялық тәжірибелері» атты әдістемелік семинар өтті. Жас оқырмандармен жұмыс істеудің инновациялық тәжірибелері туралы Ленин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н. А. Зубрий айтып берді. Ол әріптестерімен жоспарлары мен шығармашылық идеяларымен бөлісті. Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т.Ф.Иванова кітапханаға жас оқырмандарды жаппай тартатын орынға айналдыру және «Отбасылық оқу» жобасын жүзеге асыру туралы айтып берді.
Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Уристимбаев А.А., жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың нысаны мен әдістерімен бөлісті. Кітапханашыларға арналған индикативті іс- шара «Әйел, Тарих. Тағдыр», Ұлы Отан соғысына қатысушы Н.К. Лобач-тың туғанына 100 жыл толуына арналды. Семинар соңында дөңгелек үстел өткізіліп, әріптестер жұмыс тәжірибелерімен алмасып, семинар кәсіби біліктілікті арттыруға, жаңа білім алуға септігін тигізеді және жас оқырмандармен алдағы жұмыста жақсы көмек болады деген пікірлерін білдірді.