Банновский модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баннов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларымен еліміздің тарихи өткенімен таныстыру мақсатында «Карлаг - қатал уақыттың мәңгілік азабы» атты ақпараттық минутын өткізді. Шара барысында ол балаларға Қазақстан аумағында лагерьлерідің көп болғанын ГУЛАГ – Алжир, Степлаг, Карлаг, ал қуғын-сүргін жылдарында КСРО-ның барлық республикаларынан Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жіберілгенін айтты. Іс-шара «Саяси қуғын-сүргіндерді еске алу мұражайы» бейнефильмін тамашалаумен ұласты. Студенттермен әңгіме-дүкен құрып, бірде-бір оқиға, бірде-бір дата, бірде-бір тағдыр ұмыт қалмауы үшін сол кездегі оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қажет деген қорытынды жасалынды.